Accessibility links

Астана қаласы жаңадан салынып жатқан аумақтың астынан су шықты


Жаңа Астана салынып жатқан аумақтың астында бір жарым метр тереңдікте көп су бар екені мәлім болып отыр. Бұл туралы Құрылыс істері жөніндегі комитеттің құрылыс инспекциясының өкілі Мақсұт Мұқатов хабарлады. Оның сыртында 2007 жылға дейін Астананың сол жағалауына бір жарым миллиард доллар инвестиция салынатындығы хабарланды. Бұл қаржының 40 пайыздан астамы мемлекеттік бюджеттен алынады. Сыншылар болса, Астана керісінше өзге елдердегідей ел бюджетіне ақша берудің орнына алып отырады деген пікірлерін білдірді.

2001 жылы Астананың сол жағалауында жаңа қала салу шешімі қабылданған болатын. Өйткені, Астананың дәл осы аймағының жері басқа жеріне қарағанда ылғалы аз, сондықтан ғимараттар салуға қолайлы деп табылды. 1000 гектар аумақтың ұзындығы 36 шақырымнан асатын. Қазір осы аумақ тағы 500 гектарға кеңейтіліп, арнайы экономикалық аумақтың салық жеңілдіктерін беретін мерзімі 2010 жылға дейін тағы ұзартылды. Арнайы экономикалық аумақтың директоры Николай Тихонюктің айтуынша, «бірқатар министрліктер кейбір жекеменшік компаниялар арнайы экономикалық аумаққа кіруіне қарсы болған. Өйткені олар көптеген жеңілдік алады, ал, бұл мемлекетке тиімсіз. Бір жағынан олардың сөзінің жаны бар», дейді Тихонюк. Өйткені қазіргі Астананың инвестициялық климаты жақсы дамыған және бұрын келгісі келмеген инвесторлар өздері сұранады, дейді ол.

Николай Тихонюктің айтуынша, «арнайы экономикалық аумақ мерзімін ұзарту себебі мынау. Көптеген қызықты нысандар пайда болды, ал, олар жеңілдік режимін талап етеді. Бізде денсаулық сақтау саласына қажет ғимараттардың арзан салынуын қалаймыз», дейді Тихонюк.

Осылайша, 2007 жылға дейін Астананың сол жағалауына тағы бір жарым миллиард доллар инвестиция салу жоспарланып отыр. Оның 40 пайыздан астамы мемлекеттік бюджеттен алынуға тиіс. Сыншылар болса, Астана керісінше өзге елдердегідей ел бюджетіне ақша берудің орнына алып отырады деген пікірлерін білдірді. Қайсібір экономистердің мәліметіне қарағанда Астана бюджетіде Атырау мен Алматының арқасында толықтырылып отырады. Астана әкімшілігінің өкілі Нұрлан Нүркеновтың айтуынша, «арнайы экономикалық аумаққа бөлінетін бір жарым миллиард доллардың 40 пайызы бюджеттен алынатыны рас, бірақ, ол қаржының бәрі қаладан емес бір бөлігі республикалық бюджеттен өтеледі, өйткені нысандардың әлеуметтік маңызы бар», дейді ол.

Астананы көшіруге қарсы болған сәулетшілер болса бұл аймақтың жері тым ылғалды сондықтан, 5 қабаттан биік үй салуға болмайды, деген пікірлерін білдірген. Құрылыс істері жөніндегі комитеттің құрылыс инспекциясының өкілі Мақсұт Мұқатовтың айтуынша, жаңа қала салынып жатқан ауматың астында су көп екендігі рас:

- Жердің астында қазық қағылатын свай қатты щебенистый грунтқа тіреледі. Соған тірелгенге дейін су бар. Ол су Астанада бірде жиырма-бірде елу тереңдіктен кейін пайда болады. Ал, Астананың бер жақ беті ол Есілдің бұрыңғы аңғары, мұнда су өте жақын болу мүмкін.

Бірақ ол қорқынышты емес, дейді ол. Өйткені барлық ғимараттар іргетас салмас бұрын свая, яғни, 10 метр тереңдікке дейін енгізілетін арнайы қазық қағады, дейді ол. Әйтседе, Астананың бұқаралық ақпарат құралдары Мәскедуегі мемлекеттік университет ғимаратына ұқсайтын қаладағы ең биік үйдің ортасы түсіп кетті, деген ақпарат жариялаған. Құрылыс істері жөніндегі комитеттің құрылыс инспекциясының өкілі Мақсұт Мұхатовтың айтуынша, Астана символына айналған «Триумф Астаны» ғимаратының іргетасы жарылып жатыр, деген ақпарат шындыққа жанаспайды:

- Негізгі салынатын тұрғын үйлердің көбі сатуға салынған. Сондықтан көп мекемелер арасында бәсеке бар. Сол бәсеке арқасында пайда болған әңгіме деп ойлаймын. Сол қауесет шыққалы арнайы комиссия құрылды. Ол үйдің іргетасында ешқандай кедергі жоқ.

Аумаққа келіп жатқан инвесторларды салық жеңілдіктері қызықтырады. 2005 жылы 48 миллиард теңге қосымша құн салығынан босатылды деп хабарланады. Әлбетте, біз едуәір салықтан құр алақан қаламыз, бірақ, есесіне көптеген нысандар салынды, дейді аймақ басшылығы. Инвесторлар құрылыс нысанын салатын жер таңдап алуға мүмкіншілік алды жерді қысқа мерзімге, яғни, 5 жылға немесе ұзақ мерзімге 49 жылға жалдап алуға рұқсат етіледі. Қазір қаланың сол жағалауында 600-ден астам мердігер жұмыс істейді, олар салып қойған құрылыс нысандарының сыртында, тағы 40 ғимарат бой көтеріп келеді, деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG