Accessibility links

Ислам елдерінде пайғамбарды келемеждеуге қарсы наразылық толастар емес


ИСЛАМАБАД-ТЕҺРАН. Кеше Пәкістанның Лахор қаласында Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің газет бетінде шығуына қарсы наразылыққа шыққан халық пен полицияның қақтығысында 2 кісі қаза болды. Полиция оқ атты. Жаппай наразылық шеруі Исламабадта да болып, оған қарсы полиция көзден жас ағызатын газды қолданды. Теһран қаласында шерушілер Германия мен Англияның елшілікерін өртегіш бомбалармен және таспен атқылады. Мысырда сапарда жүрген Еуроодақ басшылығының мүшесі Х.Солана мұсылман әлемінің Еуропадан теріс айналуына жол бермеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG