Accessibility links

“Құс тұмауының” аса қауіпті вирусы Еуроодақ елдеріне де кең жайыла бастады


БРЮССЕЛЬ. “Құс тұмауының” аса қауіпті H5N1 вирусы алғаш рет Аустриядан да байқалды. Ол өлген 2 аққудан табылды. Соңғы күндері әлгі дерттен жабайы құстардың қырылған оқиғалары Грекия мен Италияда және Болгарияда тіркелді. Одан бұрын Ресей мен Түркияда болды. Соңғы 2 жыл ішінде “құс тұмауынан” 90-ға жуық адам, негізінен Азия елдерінің азаматтары қаза болды. Ғалымдар “құс тұмауының” вирусы адамнан адамға жұғатын түрге өзгеруі мүмкін деп алаңдап отыр.
XS
SM
MD
LG