Accessibility links

Мәскеу мен Теһран арасындағы келіссөз 16-ншы ақпаннан 20-сына ысырылды


ТЕҺРАН. Дүние жүзі қауымдастығының наразы болуына қарамастан Иран уранды байыту ізденістерін қайта жалғастырғанын растады. Ол жайында кеше Иранның ресми өкілі Жавад Ваиди хабалады. Сонымен қатар Ж.Ваиди елдің ядролық бағдарламасына қажетті уранды Ресей жерінде байыту туралы Мәскеудегі келіссөздің 16-ншы ақпаннан 20-сына көшірілгенін хабалады. Онымен қарама-қатар кеше Ресей президенті В.Путин мен Франция премьер-министрі Доминик де Вильпен Мәскеуде бірлесіп қабылдаған мәлімдемесінде Иранды МАГАТЭ агенттігінің талап-шартын орындап, барлық ядролық ізденісін тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG