Accessibility links

Көктеммен бірге құс тұмауы тағы келе жатыр


Каспий теңізінің Кавказ аймағында және Қара теңіз аймағында құс тұмауының жаңа ошақтары пайда болды. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қырым түбегі мен Әзірбайжанның бір қатар аймағында көптеген құста тұмау дерті табылды. Жабайы құстардың жолдарымен құс тұмауы енді Ресей Федерациясының құрамындағы Дағыстанға келді делінеді.

Құс тұмауы Еуропа құрлығына 2003 жылы жеткелі бері әлем бойынша 100 шақты адам осы аурудан қайтыс болды. Құс тұмауының жаңа ошақтары енді Каспий теңізінің батыс жағалауында, Әзірбайжанда ашылды. Теңіз жағалауында табылған өлі жабайы құстардан H5N1 вирусы табылды, бұл құстар мен адам баласына өлім әкелетін вирус. Әзірбайжан санитарлық мекемесінің бастығы Ибадұлла Ағаев Рейтерс агенттігіне берген мәліметінде адам баласына зақым келген жоқ деді:

- Республикамызда құс тұмауымен ауырған бірде-бір адам жоқ. Жабайы құстардың арасында ондай жағдай бар, ветеринарлық департаментіміз мәселемен айналысып жатыр.

Әзірбайжан денсаулық сақтау саласының ресми өкілдері шаруа қожалық иелеріне қайырылып, құстарын іріктеп алуға шақырды. Баку сияқты қалаларда тауық еті тапшы боп кетті. Дегенмен, бір қатар қарапайым тұрғын тауық етін жеуден бәрібір қорқып отыр. Ресми нұсқауларда тауық етін дұрыстап пісірсе жеткілікті, сақтық үшін еттің дұрыс әзірленуіне аса мән беру керек делінеді. Дегенмен, бұқара халықтың арасында үрей бар көрінеді.

Ал Қара теңіз аймағында құс тұмауы алғаш рет желтоқсан айында шықты. Қырым аймағында көп құс қырылды. Адам шығыны болған жоқ. Дегенмен, БҰҰ арнайы өкілі, құс тұмауына қарсы шаралардың үйлестірушісі Девид Набарро кеше Киев қаласында сөйлеп, ресми өкілдер құс тұмауының адамнан адамға жұғатын жағдайлары шығуы мүмкін деп дайын болуға міндетті деді. Құс тұмауы Ресей Федерациясында қайтадан шығуы мүмкін деген қауесет бар. Дағыстан құс фабрикаларының бірінде соңғы күндері 42 мыңдай құс балапаны өлді. Махачқала маңындағы құс фабрикасында мұның сыртында тағы төрт мың балапан өлді. Дағыстан ветеринарлық саласының бастығы Зайдин Жамболатов сияқты ресми өкілдер бұл жағдай H5N1 вирусынан шығып отырған жоқ, бұл жерде "ньюкастл" деген басқа аса қауіпті вирустың салдары бар дейді:

- Дағыстандағы лабораториялар арнайы тәсілдерді қолданып, бұл жерде H5N1 вирусы вирусына байланысты тумаудың жоқ екенін анықтады. Дегенмен, жабайы құстарды тұрақты бақылап отырмыз. H5N1 вирусы вирусын жұқтырған құстармен ешқандай контактің болмағынын қалаймыз. Екінші мақсатымыз – осы жаңа инфекцияның таралыуна тосқауыл қою болып тұр.

Зайдин Жамболатов өлі құстардың кейбіреулері Мәскеуге зерттелуге жөнелтілді дейді. Бірақ H5N1 вирусын анықтаумен мамандырылған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Лондонда орналасқан Дүниежүзілік тұмау орталығына бірде-бір құстың өлі денесі жөнелтімепті. Бұл кезеңде құс тұмауы Батыс Еуропада пайда болды деген мәліметтер түсе бастады. H5N1 вирусы Германияда, Балтық теңізі Рюген аралында өлі күйінде табылған екі аққудан шықты. Дания, Норвегия және Швеция үкімет орындары үй құстарын далаға шығармауды бұйырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG