Accessibility links

АҚШ үкіметке “Хамас” тобы келген Палестинаға қаржылай көмегін бермейді


ВАШИНГТОН. Егер Палестинаның жаңа үкіметін жасақтауға тиісті “Хамас” ұйымы Израильді жоюға шақыруын доғармаса, АҚШ-тың Палестинаға арналған тікелей көмегін тоқтату шарасын АҚШ-тың өкілдер палатасы басым көпшілік дауыспен қолдады. Бұл шараны АҚШ Сенаты да мақұлдады. “Хамас” ұйымы халықаралық қоғамның зомбылықтан бас тартып, Израиль мемлекетін мойындау туралы талабын әзірше орындамай отыр. Кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс егер Палестина үкіметін “Хамас” тобы жасақтайтын болса, онда Вашингтон оған қаржылай көмегін бөлмейді деп мәлімдеп, бірақ балалардың жұқпалы ауруларына қарсы егу сынды қайырымдылық көмегін үзбейтінін ескертті. Осы жылы АҚШ Палестинаға тікелей көмек ретінде 150 млн. доллар және БҰҰ-ның бағдарламалары арқылы тағы 84 млн. доллар көмек бөлді.
XS
SM
MD
LG