Полиция сақшысы Мұса Кәрімнің айтуынша, солтүстік Бағдадтың Шула ауданында болған ол жарылыстан кейін бүлікшіл топ пен АҚШ әскерлері арасында он минуттай атысу болған. Сондай-ақ, Қарадағ ауданында 2-ші бір көлік бомбысы жарылып, Киркук қаласындағы атысу кезінде полиция сақшысы және тағы да екі ирақ сарбазы мерт болған.