Үкімет бағдарламасының парламентте талқыланғаны туралы сөз қозғаған «Егемен Қазақстан» «Бәсекеге қабылетті болу – стратегиялық мақсат» деген атпен көлемді газет мақаласын жариялапты. «Халық қалаулылары өздері сайланған округтерге барып, халықпен жүздесіп келгендіктен бе, екі жылдық үкімет бағдарламасын таныстыру үшін келген үкімет басшысы Даниял Ахметовке деген сұрақтары мен сауалдары қарша боратты. Үкімет басшысы баяндамасын жасап болғанша 16 депутат сұрақ беріп үлгерді, ал сұрақ беруге атын жаздырғандар саны 45 екен» деп жазады «Егемен Қазақстан». «Сұрақтар көп болды, бәрі де аса маңызды проблемаларға арналды. Бірінші болып сұрақ берген депутат Мұқтар Шаханов 76 беттік бағдарламада мемлекеттік тілді үйрену мәселесіне тек жарты абзац ғана арналғанын айтып, үкімет басшысын сынға тағы бір алды, ал Д.Ахметов өз тарапынан мемлекеттік тіл мәселесіне көңіл бөлінетіндігін, алдағы уақытта қыруар қаржы қарастырылып жатқандығын айтып құтылды, ақыры ұзақ талқылаудан соң парламент үкімет бағдарламасына қатысты сыни ескертулерді қарай отырып, бағдарламаны мақұлдап дауыс берді» деп аяқтайды «Егемен Қазақстан».
«Жас Қазақ» апталығы жұмалық санында «Уәдешіл үкіметке депутаттар тағы бір мүмкіндік берді» деген атпен газет тілшісі Төлен Тілеубайдың мақаласын беріпті. Т.Тілеубай өз мақаласында Д.Ахметовтың заң шығарушы үйге бір ай болмай бас сұғып, үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бір сағатқа жуық терлеп-тепшіп орысша оқып, әрең дегенде сынақ тапсырғанын айтады. «Д.Ахметов президентке еліктеп баяндамасын қазақша бастауы бастап алды да, 3 минут болмай-ақ қазақшасы бітіп, орысшаға орғып кетті, бұған қазақ тілі үшін жаны азар да безер болып жүретін М.Шаханов секілді депутаттар қатты күйініп, өкініштерін ашық білдірді» дейді газет тілшісі. «Бағдарламаны талқылаған депутаттар, үкіметті қатты сынға алды, таңда басталған мәжіліс қара кешке дейін созылды, Шәймерден Оразалинов жұмыссыздық мәселесінің мүлдем қамтылмағанын айтса, Мұқтар Тінікеев бағдарламада құқық қорғау, кәсіби техникалық білім беру, тұрғын үй саясатын жетілдіру туралы бірде бір сөз жоқтығын айтыпты. Ал сенатор Бақберген Досманбетов үкімет ұсынған бұл құжатты бағдарлама деп айтуға әлі ертерек екендігін айтып сынға алды» деп жазады «Жас Қазақ» басылымы.
«Эксрпесс-К» басылымы жұмалық санында жариялаған «Конституция алдында біз бәріміз бірдейміз» деген мақалада Қазақстан парламентшілерінің шетелдерге іс бабында шығу мәселесінде бірқатар әділетсіздіктің орын алып отырғандығын қозғапты.Осы мәселенің күн тәрібіне көтерілуіне байланысты сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев сенат депуттарының қанша рет қай елге қандай жұмыспен барғанын көрсететін арнайы тізім шығарыпты. Сенатор Тасбай Симамбаев Еуропа елдеріне көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан бір жібергенде 8 адамнан жіберетіндігін ал Қазақстаннан болса ең көп дегенде 4-ақ депутат баратындығын айтып, осының санын көбейту керектігін білдірген. «Ал кейбір депутаттар жылына 5 ретке дейін шетелге шығып келеді, ал он жылы бойы бірде бір рет шетке шықпаған адамдар бар» деген ол. Сенат төрағасының қолындағы тізім бойынша шетелге ең көп жүргіш депутаттар - Рашид Ахметов пен Александр Гусинский көрінеді. «Ал депутаттар арасындағы шетелге шығуда әділетсіздіктің барын қозғаған Тасбай Симамбаевтың өзі жеті рет ТМД елдеріне, төрт рет алыс шетелге іс сапармен барыпты» деп жазады «Экспресс-К» басылымы.
«Панорама» апталығы ақпанның 12-сі күні қапыда, қарақшылар қолынан қаза болған белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының мезгілсіз өлімі туралы мақалалар жиынтығы мен сарапшылар пікірлерін назарға ұсыныпты. «Панорама» апталығының жазуынша, А.Сәрсенбайұлының бұл өлімін оның жақтастары таза саяси тапсырыспен жасалған десе, белгілі саясаткерді кім өлтіргенін тез табуға әрекет етіп жатқан ішкі істер министрлігі қандай бір құнды мәлімет берген адамға 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық тағайындағанын, А.Сәрсенбайұлының өліміне қатысы бар адамдарды іздеп табуға АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросынан көмек алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жазады. «Қалайда демократия үшін бар жанын салып келген ел таныған асыл азаматтың бұл өлімі қоғамда үлкен толқыныс тудырды, алайда ел азаматтарының Астанада А.Сәрсенбайұлын еске алып, онымен қоштасу рәсімін өткізуге билік тарапынан келісім берілмеуі үлкен таңданыс туғызды» деп жазады «Панорама» газеті.