Accessibility links

2005 жылы Қазақстанға 480 мың оралман келді


Оралмандарға арналған квота санын ұлғайту керек деген ұсыныс парламентпен үкіметке беріледі. Бұл туралы 17 ақпанда Астанада Оралған отандастардың «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бохан Лашын хабарлады. Алайда бұл пікірмен келіспейтіндерде бар, елдегі азаматтар жұмыссыз, үйсіз жүргенде шет елден адам шақырту ерте дейді олар.

Қазақстан экономикасы оралмандардың проблемаларын шешуге шамасы жететіндей мықты емес деген пікірлер бар. Өйткені көп жағдайда елге оралғандар кедей, әсіресе Моңғолиямен Ираннан келгендер. Оралмандардың өздеріде елге тек отанды сағынғаннан емес әлеуметтік жағдайды жөндеуге келгендерін жасырмайды. Өзбекстанан келген оралман Жұмамұрат Шәмшиев Өзбекстаннан келген мамандардың білімі Қазақстанға сәкес келе бермейтіндігін мойындап отыр:

- Балалар латын, өзбек тілінде оқып келген. Бұл жерге келгенде өтпейді, дипломыда, басқасыда. Білім дәрежесі төмен. Бұл жердің бағдарламасына сай келмейді. Қазақстанмен Өзбекстан арасында ондай дипломаттық қатынас жоқ болғандықтан, осындай күрделі мәселе бар.

Ресейден келген оралман Имашқан Кәмелқанұлының айтуынша оралмандардың білімі төмен дігін пікір өтірік:

- Біздің оралмандардың ішіндеде жоғары деңгейде кезінде Ресейден басқада шет елдерден оқып келдгендер бар. Сол азаматтар келгенсоң мамандық бойынша жұмыс жоқ, осындай жағдайда жүріп жатырмыз.

Осылайша оралмандардың айтуынша олардың қиыншылықтары бастан асады. Ал, шешуге келгенде шенеуніктер уақытты созып жібереді деген пікір бар. Оралған отандастардың «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бохан Лашынның айтуынша, шенеуніктердің жұмысын үйлестіретін арнайы құрылым құру қажет, бұл ұсыныс үікіметке беріледі дейді ол:

- Мысалы, квота белгілеу көші-қон комитетінің шаруасы болса, жер телімдерін бөлу жергілікті әкімшіліктің жұмысы. Азаматтық беру ісі ішкі істер министрлігіне қарайды. Виза алу үшін сыртқы істер министрлігіне сабылады, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырында. Осыншама көп мекемелердің бір-біріне бағынбайтыны белгілі. Олардың басын қосып үйлестіретін құрылым жоқ.

Ал, елде бұрыннан тұрып жатқан азаматтар бізге тиесілі қаржының бір бөлігін оралмандар алып жатыр деп наразылық танытуы мүмкін, деген пікірлер айтылып жүр. Әсіресе елді мекендердегі жағдай қиын деген ақпарат бар. Осы келеңсіздіктерді шешу үшін, оралмандарға тастанды ауылдарды беру керек деген ұсыныстар айтылды. Астананың тұтынушылар одағының төрағасы Қабікен Закарияновтың айтуынша, бұл сөздің жаны бар, сондықтан оралмандарды шақырмас бұрын жағдай жасалу керек, дейді ол:

- Өзіміз жұмыссыз жүргенде оларға неге жұмыс бермейсің деп айтудың жөні жоқ. Оларды көшіру дұрыс шығар, бірақ, алдымен дайындау керек, қай жерде қандай үй бар, оқу бар. Тастаған ауылды дайындау керек, осындай мал бар деп, ал, құр текке шақыртып күлкі қылған ұят.

Мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшевтің айтуынша, нарық заманы болғандықтан пәтер беру, жұмыс беру мәселесі толық шешілмей келеді, ал тастанды елді мекендеге көшіру ұсынысы тіпті қиын, дейді ол:

- Оны беру үшін ай далаға апарып тастауға болмайды. Ол жерде өндіріс көзін ашу керек. Ол жерге зауыт салып қоя алмайдығой.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сайлау Батыршаұлының айтуынша, оралмандарды кезінде елден кетуге мәжбүрлеген. Сондықтан оларды енді басқа Қазақстандықтардан бөліп жарып қарауға болмайды дейді ол:

- Қазақстан кезінде өзіне міндеттеме алды. Барлық шет елге өз отанынан зорлап қуылған қазақтарды өз отанына әр уақытта қабылдаймыз деп міндеттеме алған. Ол бір адамның министрдің премьер-министрдің мінддеттемесі емес, мемлекеттікі. Сол орындалмай жатыр.

Ал, ресми мәлімет бойынша үкімет жағынан тарихи отанына оралғандарға шектеу қойылмайды. Айта кететін жайт, оралмандарға көмек көрсету үшін, кезекті рет бюджеттен 11 миллиард 200 миллион теңге бөлу көзделді.
XS
SM
MD
LG