Accessibility links

Израилдың министрлер кабинеті Палестинада билік басына келетін Хамас тобына қарсы шараларды талқылауда


Иерусалим. Радикалды Хамас тобы өткен сайлауда жеңіске жеткен болатын. Израил армиясының өкілдері Иорданның батыс жағалауы мен Газа секторы арасында шекарада бақылауды күшейтіп, палестиндіктерді Израилға өткізбеуді ұсынуда. Сондай-ақ, қаржылық санкциялар мәселесі де талқылануда. Ал Газада Хамас тобы премьер-министр етіп тағайындағалы отырған Исмаил Ханиев Израилды жан-жақты қысымды ұйымдастырып отыр деп айыптады. Ал Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров алдағы айда Ресей ресмилері Мәскеуде радикалды Хамас тобының жетекшілерімен кездесіп, бейбіт келіссөздер жүргізуге олардың көздерін жеткізуге тырысады деп атап көрсетті.

- Біз халықаралық арағайын төрттіктің келісілген басты принциптерін жетекшілікке алатын боламыз. Таяу шығыстың көптеген елдерінің басшылары келісссөздер өткізуде, біз де Хамас Таяу шығыс аймағындағы бейбіт процестің пайдалы бір бөлігі болады ғой деп сенеміз, - деді Ресейдің сыртқы істер министрі.

Хамасты АҚШ пен Европа одағы террорлық топ деп сипаттайды.
XS
SM
MD
LG