Гуинсагон, Филлипин. Жұма күні екі мыңдай тұрғыны бар ауылды қалыңдығы 10 метр болатын лай мен құлаған тау көшкіні басып қалған болатын. Құтқарушылар ең алдымен 200-дей оқушы мен 40-қа жуық мұғалім болған бастауыш мектеп үйін лайдан аршуға тырысып жатыр. Филиппин билігі құрбан болғандардың саны 1800-ге жетуі мүмкін деп алаңдайды. Кей жерлерде лайдың қалыңдығы 30 метрге дейін жеткен. Әзірге тірі қалғандарың саны 57 ғана болса, 56 адамның денесі табылған.