Ауру құстың саны бұл елде 10-ға жетіп отыр. Батыс Үндістанда жарты миллионға жуық тауықтың көзін жоюға бүгін әзірлік толық жасалды. Оның себебі, осыдан бір күн бұрын Махараштра штатында құс тұмауының алғашқы белгісі байқалғаны жөнінде хабарланған болатын. Ақпанның 17-сі күні қаза болған азаматта ондай сырқат белгісі табылмаған. Иран мен Франция елдері ақпанның 18-і күні өздерінде H5N1 құс тұмауы белгілерінің анықталғандығын растады.