СТАМБУЛ-ИСЛАМАБАД. Мұхаммед пайғамбарды келемеждеуге қарсы наразылық толқуылары кеше әлемнің түкпір-түкпірінде тағы да жалғасты. Стамбулда наразылық шеруіне шыққан 10-даған мың адам Дания премьер-министрі Андерс Фог Расмуссеннің, британ лидері Тони Блэрдің және АҚШ президенті Дж.Буштың қамыстан жасалған бейнелерін өртеді. Осындай шерулер бүкіл Түркияда жалғасты. Пәкістан астанасы – Исламабадта полиция шеруге шыққан халықты қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газды қолданып, әуеге оқ атты. Кеше Дания үкіметі Исламабадтағы елшісіне елге қайтуға бұйырды. Кеше наразылық толқуы Үндістанда да өтіп, Индонезия астанасы – Джакарта қаласында жұрт АҚШ елшілігін таспен, помидармен және жұмыртқамен атқылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты