Accessibility links

Ирақта түрлі қастандық пен жарылыстан ең алдымен бейбіт халық қырылу үстінде


БАҒДАД. Кеше Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі шабуыл мен жарылыстан кем дегенде 11 адам мерт болды. Оның ішінде Бағдадта 2 жарылыстан 3 Ирақ тұрғыны көз жұмды. Мұнайға бай Киркук қаласының маңында жол бойындағы бомбаның жарылысынан полиция генералы мен оның 2 оққағары қаза тапты. Бағдад түбіндегі Дужайыл ауылының маңында автокеруенге тасадан шабуыл жасалып, көлік жүргізуші оққа ұшты. Бағдад іргесінде 1 Ирақ полицейі мен жауынгері қаза болды. Оған қоса кеше Бағдад түбінен көтерілісшілер өлтіріп кеткен 8 адамның денесі табылды.
XS
SM
MD
LG