Accessibility links

“Холокост қасыретін” жоққа шығарған ағылшын ғалымы 10 жылға кесілуі мүмкін


ВЕНА. Бүгін Вена қаласында “Холокост қасыретін” жоққа шығарған ағылшын тарихшысы Дэвид Ирвингтің ісі бойынша сот процесі басталады. Д.Ирвинг – Аустрия абақтысына 2005-інші жылдың қарашасында жабылды. Ол 1989-ыншы жылы неміс нацистерінің 6 млн еврейді қырған “Холокост қасіретін” жоққа шығарып айтқан 2 сөзі үшін айыпталып отыр. Осы тыңдаудан кейін құрамында 8 мүшесі бар алқа мен 3 судья бүгін шешім шығаруы мүмкін. Д.Ирвинг айыпты болып танылатын болса, 10 жыл мерзімге түрмеге кесілуі мүмкін. Бұл сот процесі – Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің жарыққа шығуына қарсы бүкіл әлемде наразылық толқуы өршіп тұрған кезде басталғалы отыр.
XS
SM
MD
LG