АСТАНА. Қазақстан Ішкі істер министрлігі оппозициялық саясаткер Алтынбек Сарсенбайұлының өліміне қатысы бар деп күдіктелген алты адам қамауға алынды деп хабарлады. Министр Бауыржан Мухамежановтың айтуынша, тұтқындалған бес адам Сарсенбаұйұлын біз өлтірдік деп мойындаған. Ақпанның 13-і күні тіркелмеген “Нағыз Ақ Жол” партиясының тең төрағасы әрі оппозициялық “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының төралқа мүшесі Алтынбек Сарсенбайұлы және оның оққағары мен жүргізушісі өлтірілген болатын. Қамауға алынған алтыншы адам осы қастандықты ұйымдастырған деп күдікке ілініп отыр, деді министр Мухамежанов.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV