Accessibility links

“Ислам джиһады” – “Хамас” ұйымы жасақтайтын жаңа үкіметке кіруден бас тартты


ГАЗА ҚАЛАСЫ. Бүгін Палестина автономиясының лидері М.Аббас ресми түрде Исмаил Ханияға жаңа үкіметті жасақтауды тапсыруға тиіс. Исмаил Ханияны – премьер-министрлікке парламент сайлауында жеңіске жеткен “Хамас” тобы ұсынды. М.Аббас пен И.Хания және “Хамас” ұйымының өзге жетекшілері кеше Газа қаласында кездесті. “Хамас” жаңа үкіметті жасақтау мәселесімен өзге ұйымдармен келіссөз өткізді. Алайда “Ислам джиһады” тобы Израильге қарсы күресін жалғастыратынын мәлімдеп, үкімет құрамына кіруден жалтарды. “Хамас” тобын қаражатсыз қалдыру үшін жексебі күні Израиль кеден салығын аударуды доғарды. БҰҰ-ының Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Альваро де Сото Израильдің бұл шешімі Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер квартеттің өткен айда қабылдаған ережесіне қайшы келетінін нұсқады. АҚШ, Еуроодақ, БҰҰ-ы және Ресей-ден тұратын “квартет” егер “Хамас” тобы Израильді мойындамай және қантөгістен бас тартпай үкіметті жасақтайтын болса, онда қаржылық көмексіз қалатынын ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG