Accessibility links

Британия сыртқы істер министрі Бағдадта Жалал Талабанимен кездесті


Бағдад. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро Ирақтағы адам құқықтарын бұзды деп күдіктелген жанжалға байланысты Британ әскерлерін қорғады. Бағдадта сөйлеген сөзінде ол, соңғы үш жылда Ирақта болған 100 мың британ әскерінің ішіндегі қиянатқа барды деген сарбаз саны өте аз деген. Бірақ, күдіктелген қиянат жасаушылар жауапқа тартылатын болады деп айтты. 12-ші ақпанда Британия әскерлерінің ирақтықтарды ұрып-соғып жатқан таспа көрсетілгеннен бері 3 әскер қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG