Мәскеу. Бүгін Мәскеуде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Ресей мен Иран ресмилерінің кездесуі аяқталды. Онда Мәскеудің Иранның атом энергетикасына қажетті уран байытуды Ресей аймағында жүзеге асыру ұсынысы қаралды. Иран делегациясының басшысы Али Хуссейни Таш уран байыту жөнінде екі елдің біріккен кәсіпорны құрылуы мүмкін деген. Ал, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров:
- Біз бұл келіссөздердің соңы, келешекті анықтап, бұл жағдайларды МАГАТЭ шеңберінде сақталады деп үміттенеміз. Ол үшін барлық тараптармен келіссөздерді жалғастырып, Иран аймағында уран байытуды тоқтату өте маңызды, - деген.
Келіссөздер ақпанның 23-інде Техранда жалғасатын болады. Бұл тұста Иранның сыртқы істер министрі Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты Еуропалық үш ел - Британия, Франция, Германиямен келіссөздері болмайды, оның орнына Еуропалық елдермен тек жекелеген келіссөздер болады деп айтқан. Сондай ақ, бүгін Қытай Иранды уран байытуға мораторий жариялауға шақырған.