Газа. Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас парламент сайлауында жеңіске жеткен «Хамас» тобы ұсынған Исмаил Ханиені үкіметбасы етіп бекітті. Жаңа премьер үкіметті бес апта ішінде жасақтауы қажет. «Хамас» коалициялық үкімет құру талқылауларын жалғастыруда. «Хамас» тобының саяси жетекшісі Халид Мешал Израил Палестиннің барлық жерінен әскерін шығарып, «Хамастың» өкілеттігін таныған жағдайда ғана Израилмен келіссөздер жүргізіледі деп мәлімдеді. Израил болса, еврей мемлекетін жоямыз деп мәлімдейтін радикалды «Хамас» тобына қарсы бойкот жариялаймыз дейді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Таяу шығыс сапарында сейсенбі күні «Хамас» террор мен саясаттың арасында таңдау жасауы керек дегенді айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?