Accessibility links

Қарқынды дамып жатқан тұрғын үй саласына сапалық өзгерістер қажет дейді мамандар


ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарында пайдалануға берілетін үй-жайлардың көлемі артып келеді. Алайда аталған сала мамандары елде құрылыс қарқынды дамып келе жатқанымен бұл тұрғыда қаланың архитектурасы, тұрғын үйлердің сапасы және оған қарапайым халықтың қол жетімдігі сынды бірқатар мәселелердің бар екендігін айтады.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы коммитетінің деректері бойынша, өткен жылы Қазақстанда 241 миллиард теңге қаражатқа жалпы көлемі 5041,1 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілген екен. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда биыл барлық аймақтарда тұрғын үйлерді салу қарқыны өсіп отырған көрінеді.

Айталық, Ақтөбе облысында оның көлемі 2,8 есеге артса, Қостанайда 2,3, Астанада 2,1, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында 2 есеге көбейген. Дегенменде жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарында пайдалануға берілетін үй-жайлардың көлемі артып келе жатқанымен бұл мәселеде басты көңіл бөлінетін бірнеше жайттар назардан тыс қалып отыр дейді біз тілдескен бірқатар мамандар. Соның ең маңыздысы ретінде архиткетор, архитектура ғылымдарының кандидаты Нұрбек Аужанов Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапа мәселесін айтады.

Ал жақында құрылған «Алматының тарихи орталығын сақтау» қозғалысының мүшесі, жазушы Қалмұхан Исабаев бұл мәселеде үкімет деңгейінде байыпты бағдарлама қажет дейді.

Бұл ретте «Халықтар үйі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыт Құдайбергенқызы Алматыдағы «Шаңырақ-2» ықшам ауданының бірқатар қарапайым тұрғындары қала басшылығының бас жоспарға немқұрайды қарауының зардабын тартып жатқанын айтады.

Дегенменде Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов тарихи-мәдени құндылықтарға самарқау қараудың салдарына өздері де тікелей куәгер болып отырғандықтарын айтады. Осылайша қарқынды дамып жатқан елдің тұрғын үй саласына салиқалы бетбұрыс қажет дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG