Сот ондай бұйрық берсе, онда Пентагон біраз құпияның бетін ашып, Кубадағы тұтқындар жөнінде түгел дерек беруге мәжбүр болар еді. Гуантанамода АҚШ лаңкестікте айыптап, Ирақ пен Ауғанстанда қолға түскен 490-дай күдіктіні абақтыда ұстап келеді. Ал АҚШ федералдық соты үкіметтен наурыздың 3-іне дейін ол тұтқындар жөнінде ресми мәлімет талап етіп отыр.