Accessibility links

Ирақ үкіметі елдегі діни секталық зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейтті


Бағдад. Бас министр Ибрахим ал-Джаафаридің айтуынша, Бағдадта арнайы рұхсаты жоқ көліктер қозғалысына тыйым салынды. Ақпанның 22-сі күні шииттердің қасиетті мешіттеріне жасалған бомбы шабуылы және одан кейінгі сүнниттердің мешіттеріне жасалған шабуылдардан кейін жоғарыдағы тәртіп күшке енген болатын. Ол шабуылдарда кемінде 130 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG