Алматы әкімшілігі мен прокуратура Қазақстан коммунистік партиясының ақпанның 26-күніне жоспарлап отырған шараны өткізуге рұқсат сұрап берген арызына жауабында, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған шараны Ш.Уәлиханов ескерткіші маңында емес, Алматының орталығынан қашықтағы «Сарыарқа» саябағында өткізуге кеңес беріпті. Алайда, осыған қарамастан, оппозиция күштері жексенбі, ақпанның 26-күні, рұқсат берілмесе де еске алу шарасын Ш.Уәлиханов ескерткіші маңында өткізбекші боп отыр. «Әділетті Қазақстан үшін» респуликалық қозғалысы баспасөз қызметінің хатшысы Айдос Сарым сенбі күні бұл жөнінде “Азаттық” радиосына хабарлады. Өз сөзінде ол заң орындарының еске алу шарасын өткізуге тиым салуының қисынға келмейтіндігі туралы ойын айтты.
Бірақ, ресми орындар бұл шараның өткізілуі заңсыз деп танитынын алдын ала білдіріп отыр. Жұма күні бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ардақ Доскенов:
«Біз олардың азаматтық құқықтарын ескере отырып, шеруді «Сарыарқа» кинотеатры жанындағы арнаулы бөлінген жерде өткізуге рұқсат бердік. Бірақ, соған қарамастан, қоғам қайраткерлері азаматтарды Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға тартпақшы. Заң бойынша шерулер жергілікті органның рұқсатымен өткізілуі тиіс. Егер олай болмаса - азаматтарға шара қолдынылады», - деп ескертті.
Ал, «Әділетті Қазақстан үшін» республикалық қозғалысы саяси кеңесінің мүшесі Әміржан Қосанов сенбі күні «Азаттық» радиосына берген түсініктемесінде, бұл шараның шеру болып табылмайтындығын хабарлады. Экс-сенатор Зәуреш Батталова болса осы өтетін шараға арнайы Астанадан келе жатқандығын айтып, бұл іске прокуруратураның араласуының қажеті жоқ еді деген ойын білдірді.