Accessibility links

Ирақтағы қақтығыстар азаяр емес


Бағдад. Бүгін Ирақтың Кербала қаласындағы базар жанында көлік жарылысы болды. Полицияның айтуынша, ол көлік базарға халық көп жиналған кезде жарылып, бірнеше адам қаза болды, көбісі жараланды. Сонымен қатар оның алдында Бағдадтың Бақуба қаласында қаруланған топ фермадағы 12 жұмысшыны атып кеткен. Бағдад пен оның маңындағы бірқатар провинцияларда шииттер мен сүнниттер арасындағы қақтығысты болдырмау үшін екі күн бойы коменданттық сағат жарияланған еді, енді Ирақ үкіметі бұл шиеленіске орай оны тағы да созды. Ол қауіпсіздік шаралары сәрсенбі күні шиитердің Самарадағы қасиетті жері Аскарияға шабуыл жасалған соң, сектанттық қақтығыстар күшейіп кеткен болатын. Ол қақтығыстарда Бағдадтың өзінде 200 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG