Accessibility links

Шииттердің рухани жетекшісі ирақтықтарды бірігуге шақырды


БАҒДАД. Бағдадтың оңтүстігінде орын алған жарылыстан кемінде 5 адам құрбан болды. Сәрсенбі күні шииттердің қасиетті жеріне шабуыл жасалған соң, Ирақта сектанттық негіздегі қақтығыстар өршіп кетті. Соңғы күндері орын алған түрлі шабуылдардан 200-ге жуық адам қаза тапты, олардың көбі суниттер. Сонымен қатар 20-дай мешіт қиратылды. Шииттердің радикалдық рухани жетекшісі Моқтада әл-Садр барлық ирақтықтарды бірігуге шақырды. Басра қаласында сөйлеген сөзінде әл-Садр “суннит және шиит мұсылмандарының арасында айырмашылық жоқ” деді. Моқтада әл-Садр, сондай-ақ, ирақтықтарды АҚШ жетекшілігіндегі әскерлердің шығарылуын талап етіп, шеру ұйымдастыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG