Accessibility links

Ресей және Иран тарапы Ресей ұсынысына байланысты негізгі келісімге қол жеткізді


Иран Атом энергиялық агенттігі басшысы Ғолам Реза Агазаденің айтуынша, Иранның уран байыту бағдарламасын Ресей жерінде жүзеге асыру туралы Мәскеу ұсынысына орай келісімнің басты сауалдары бойынша ортақ шешімге қол жеткізілген. Ол бойынша Иранның азаматтық ядролық реакторларына қажетті байытылған уранмен ол елді Ресей қамтамасыз етіп отыратын болады. Осы арқылы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты туындаған Батыстың қаупін жұмсарту көзделуде. Екі жақты келіссөздер алдағы күндерде Мәскеуде одан әрі жалғаспақшы.
XS
SM
MD
LG