Accessibility links

“Әндіжан қантөгісі” туралы хабар берген журналистің бірі түрмеден шықты


ТАШКЕНТ. Өзбекстанның қауіпсіздік қызметінің өкілін балағаттады деген айып бойынша 6 ай қамауда отырған “Азаттық” Радиосының тілшісі түрмеден босатылды. Нәзір Закіров – өткен жылғы тамыздыңң 26-ы күні Наманган қаласының сотына шақырылып, оның ісі куәгерлер мен адвокаттың қатысуынсыз қаралып, түрмеге жабылды. Ол жексенбі күні босатылды. Н.Зәкіровке – Наманган қалалық милициясы қызметкерімен телефон арқылы сөйлескен кезінде Хайдарәлі Хамилов деген жергілік ақынға қысым жасаған әрекетіне наразылық білдіргені үшін айып тағылды. Оған дейін, тамыз айының басында Н.Зәкіров “Әндіжан трагедиясы” туралы хабар бергені үшін жергілікті милицияға бірнеше рет шақырылған болатын.
XS
SM
MD
LG