Хамас тобының жаңа өкіметті басқаратындығына әлемдік қауымдастықтың қарсы болуы себепті, Палестинаға көрсетілетін көмектер тоқтап қалған болатын. Еуропа одағының Сыртқы істер бойынша комиссары Бенита Ферреро Валднер ханым көмек қадамы жөнінде былай деді. “Палестиналықтарға көрсетілетін өте қомақты көмектер жөнінде мен Еуропа кеңесінде мәлімдедім. Ол көмектер палестиналықтардың негізгі мұқтаждары, сондай-ақ жаңа өкімет билікті қолына алғанға дейін осы міндетті атқаратын уақытша өкіметке қолдау көрсетуге жұмсалатын болады. Ол көмектердің жалпы құны 120 миллион еуроны құрап отыр”, деді Ферреро-Валднер ханым.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер