Бұл жөнінде Халықаралық Атом энергиялық агенттігі басшысы Мұхамед ЕлБарадей өзінің соңғы баяндамасында мәлімдеді. Баяндаманы ЕлБарадей ұйымға мүше 35 ел өкілдеріне жіберді. Агенттік кеңесінің осы мәселеге байланысты арнайы отырысы наурыздың 6-сында болады. Оның күн тәртібінде БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы тұйықтау шараларын қолдануы тиіс пе, жоқ па деген сауал қарастырылатын сыңайлы. Ядролық бағдарламадағы әріптестікке арналған келіссөздер Ресей мен Иран арасында бүгін одан әрі жалғаспақшы. Онда Иранға қажетті уранды Ресей жерінде байыту мәселесі талқылануда.
Иранның атом-энергиялық бағдарламасының шек-шамасы мен мақсаты жөніндегі сауалдар түсініксіз күйінде қалып отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV