Accessibility links

Ирақта тағы үш жарылыс болды


Бағдад. Бүгін Ирақ астанасының әр жерінде қатарынан үш бірдей жарылыс болды. Онда кемінде 27 адам қаза болып, 50-ден аса кісі жарақат алды. Өткен сәрсенбіде шиитердің Самарадағы ғибадатханасын жасалған шабуылдан кейін елде діни жікшілдік қақтығыстар күшейіп кеткен болатын. Одан бері 200-ден аса адам түрлі шабуылдардан қаза болды. Ирақ полициясы Тикрит қаласында болған жарылыс мешітті бұзғанын хабарласа, Бақуубада Ирақ әскері оққа ұшқан тоғыз адамның денесін тапқан. Ирақтың оңтүстігінде екі британ әскері мина жарылысынан мерт болды.
XS
SM
MD
LG