Accessibility links

Иранда екі азамат таяу күндері өліммен жазаланады


Иран ресми өкілі қазан айында Ахваз қаласында бомба шабуылдарына қатысқан екі азамат таяу күндері өліммен жазаланады деп жариялады. Хұзестан провинциясының әкімі Әмір Хаят Моғадам жазалау жұрт көзінше іске асырылады деп мәлімдеді, Фарс агенттігінің хабарына қарағанда. Ресми өкілдің айтуынша, Ахваз қаласында шабуылдарға қатысты деген күдікпен соңғы үш күнде 15 азамат ұсталды. Олардың барлығы Иран азаматтары, оларды Британия арнайы мекемелері үйреткен делінді. Британия мұндай айыптарды әу бастан жоққа шығарып келеді. Ахваз қаласында шабуылдардан сегіз адам өлген болатын.
XS
SM
MD
LG