Accessibility links

Иран уранын байыту жайында Мәскеуде келіссөз өтеді


Ресей мен Иран өкілдері Иран уранын байыту жайында бүгін Мәскеуде келіссөз өткізбек. Иран делегациясын ядролық мәселе бойынша бас өкіл Әли Лариджани басқарып отыр. Ресей Иран уранын байытып берейік дейді. Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Ресей ұсынысын қабылдасақ та уран байыту жұмысымызды тоқтатпаймыз деп мәлімдеді кешегі сөзінде. Ресей президенті Владимир Путин Иранның даулы ядролық бағдарламасы жайында келісім таба аламыз, бұл жайында үмітім мол деп мәлімдеді. Путин бұл сөзін кеше Венгрия сапарында айтты.
XS
SM
MD
LG