АҚШ президенті Джордж Буш Азия сапары барысында Нью-Дели қаласына келіп жетті. Мұнда ол елдің ядролық энергетикасы жайындағы әріптестік туралы сөйлеспек. Буш Азия сапарын кеше аяқ астынан Ауғанстаннан бастады. Буш президент Хамид Қарзайдың басқаруымен Ауғанстан демократиялық өзгерісті ойдағыдай жасап жатыр, мұны бүкіл әлем қауымдастығы көріп отыр деді. Қабулда сөйлеген Буш "Әл Қаиданың" Ауғанстандағы жүйесін қирату үшін АҚШ үкіметі бар амалын жасайды деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?