Accessibility links

Бағдадта кеше 30 адам қаза тапты


Ирақ саясаткерлері үкімет Саммарра қаласында шиит мешітінде жасалған шабуылдың алдын алмапты деген мәлімет тексерілсін деп талап қойып жатыр. Парламент депутаты Митал Әл Алуси үкімет шабуылдың жасалғалы жатқаны жайында білген екен деген мәліметтер зерттелсін деп үндеу айтты. 22 ақпан күні жасалған бомба шабуылынан соң Ирақта шииттер мен сүннитердің арасында қақтығыстар бұрқ ете түсті, шабуылдарда жүздеген адам қаза тапты. Бағдадта кеше тағыда орын алған қақтығыстарда кемінде 30 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG