Accessibility links

Саддам Хұсейн айыпты бір өзіне ала бастады


Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хұсейн 1980 жылдары көптеген шиитерді соттатқанын, олар өліммен жазаланған соң шаруа қожалықтарын бұздырғанын мойындады. Дегенмен Саддам мұны заң жүзінде істедім деп тәптіштеді. Сотта кеше сөйлеген Саддам бұл істерге бір өзім жауап беремін, менімен бірге сотталып жатқан адамдарды босатыңыздар деп сұрады. Саддам және оның жеті үзеңгілесі 1982 жылы Дюжалал ауылында өзіне қарсы сәтсіз қастандық жасалған соң 148 азаматты өлтіртті деп айыпталып отыр. Соттың келесі отырысы 12 наурызға белгіленді.
XS
SM
MD
LG