Accessibility links

Қытай коммунистерінің қатары 35-ке дейінгі жастар есебінен ...70 млн.-ға жетті


БЕЖИН: Қытай билік басындағы коммунистік партия мүшелерінің қатары көбіне жастармен толығып 70 миллионнан асқанын мәлімдеп отыр. Компартияның жетекші газетінің хабарлауынша, коммунстердің саны өткен жылы ғана шамамен 2.5 млн.-ға өскен. Партия жетекшілері жаңа коммунистердің 80 процентке дерлігін 35-ке жетпеген жастар құрағанын мәлімдейді. Соңғы жылдары Қытай компартиясы өзінің қатарына негізінен кәсіпкерлер мен мамандарды тартты. Жалғыз компартия үстемдік еткен Қытай, дегенмен де, нарық экономикасын дамыту үстінде.
XS
SM
MD
LG