КАРАЧИ: Бүгін жанкешті-лаңкес өзінің автокөлігімен дипломатиялық көлікті соғып, АҚШ дипломаты мен кем дегенде тағы 3 адам құрбан болды. Бұл шабуыл Карачи қаласындағы АҚШ консульдігі мен қонақ үйдің жанында болды. 2 күннен кейін, сенбі күні Пәкістанға АҚШ президенті Дж.Буш сапармен келуге тиіс. Соған байланысты Делиде сапарда жүрген президент Дж.Буш: “Лаңкестер мен кісі өлтірушілер менің Пәкістанға баруыма бөгет бола алмайды. Менің Пәкістанға сапарым ...Мушаррафпен лаңкестікке қарсы біздің күресімізді жалғастыру туралы тілдесу үшін өте маңызды. Ақыр аяғында осындай күреске оның өзі тікелей мүдделі...” деп мәлімдеді. Дәл осы сәтте Пәкістанның Мултан, Лахор және Карачи сынды бірнеше қаласының тұрғындары АҚШ-қа қарсы наразылық шеруіне шықты. Пәкістан – АҚШ-тың лаңкестікке қарсы күресіндегі ең маңызды одақтасы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?