Accessibility links

Дүниежүзілік банк ашаршылық мәселесіне назар аудартып отыр


Дүниежүзілік банк кеше жаңа баяндамасын жариялап, әлем тұрақтылығына қауіп төндіріп тұрған ең қиын мәселенің бірі ретінде ашаршылық мәселесін көрсетті. Банк өкілі Джейн-Льюс Сарбиб әлем бойынша нәресте балалардың жартысынан көбі нашар тамақтану салдарынан шетінеп жатыр деді. Аман қалған балалардың өздері тамақты нашар ішсе, ағзалары әлсірейді, СПИД сияқты ауруларға оңай тап болады. Банк өкілі мұны орта ғасырлардағы оба нәубеттерімен салыстырды. Ең нашар жағдай Үндістан, Бангладеш, Ауғанстан және Пәкістанда деп айтылды.
XS
SM
MD
LG