Accessibility links

Қазақстанда жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданбақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қарастырып жатыр, жаңа құжат 2010 жылға дейінгі мерзімді қамтиды деп мәлімдеді. Президент Назарбев бұл сөзін кеше Астанада ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде айтты. Жаңа стратегия бойынша Қазақстан бәсекелестігі мықты елу елдің қатарына қосылуға тиіс, деді Назарбаев. Жаңа құжаттың жобасын аяқтауға Назарбаев бір ай уақыт берді. Президент Назарбаев 1 наурыз күні жылдық жолдауын жариялап, ел тұрақтылығын қамту мақсатында қатаң шараларға шақырды.
XS
SM
MD
LG