Еуропа Одағы мен Иран өкілдерінің Иран ядролық бағдарламасы бойынша соңғы сәттегі келіссөздері кеше олжасыз аяқталды. Еуропа Одағының өкілі Хавиер Солана кездесу конструктивті және позитивті жағдайда өтті, бірақ, өкінішке қарай, ешқандай келісім табылмады деп сипаттады. Иран мәселесі 6 наурыз күні Венада, Халықаралық Атом энергетика агенттігінде қаралмақ. Онда Иранға шектеу шараларын қолдану ұсынысын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шығару мәселесі түпкілікті қаралмақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты