Accessibility links

Джордж Буш Пәкістан сапарын аяқтады


АҚШ президенті Джордж Буш Пәкістан сапарын аяқтап, Вашингтонға қайтып келе жатыр. Буш ел президенті Перуез Мұшаррафпен кездесті, Пәкістанда көбірек демократиялық реформа жасауға шақырды, терроризмге қарсы соғысқа елдің атсалысып жатқанына мақтау айтты. Бірлескен баспасөз мәслихатында Буш "Әл-Қаида" террорлық ұйымын жеңудің ең дұрыс жолы - барлау мәліметтермен алмасып отыру деп көрсетті. Бұдан соң олардың жүрген жерлерін анықтап, оларды сотқа тарту жолдарын қарастыру керек, деді. Ядролық энергетика технологиясына келгенде Буш Үндістанға қарағанда, Пәкістанмен ондай келісімге бара алмаймыз деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG