Ауғанстанмен шекаралас аймақта болған бұл қақтығыста Пәкістан армиясы тікұшақтардан және артиллериялардан оқ жаудырған. Осы оқиғаның алдында ғана, наурыздың 4-і күні қарулы топ Вазеристан аймағындағы қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасаған екен. Әскери өкілдің айтуынша, Мираншахта кем дегенде 25 шабуылшы, ал Мир Алиде 21 қарулы адам қаза болған. Дәл осы аймақта, өткен сәрсенбі күні 45-тей қарулы адам өлтірілген, дейді әскери өкілдер.