Accessibility links

Бағдаттағы суниттер мешітіне бүгін түнде жасалған шабуыл кесірінен 3 адам қаза болған


Ол қаза болғандардың кім екендігі анықталған жоқ. Маска киген қарулы топ әл-Нұр мешітінің тағы 7 күзетшісін жаралаған. Қақтығысты АҚШ күштері тоқтатқан екен. Сондай-ақ “Уашингтон мен Лондон өз әскерін Ирақтан 2007-ші жылдың көктеміне қарай шығарады екен”,- деген хабарды Құрама Штаттары әскери өкілдері бүгін жоққа шығарды. Британияның “Сандей Телеграф” басылымы бүгінгі санында осындай хабарды жариялаған болатын. “Сандей мирор” газеті болса, ол күштер Ирақтан 12 ай ішінде шығарылады екен, деген хабар таратқан еді.
XS
SM
MD
LG