ВАШИНТОН. Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың пікірінше, ауған президенті Х.Қарзай Ауғанстанда болған оқиғаларды толық ұмытқан. Кеше Американың Си-Эн-Эн телеарнасынан сөйлеген сөзінде Пәкістан президенті П.Мушарраф кейбір ауған агенті Пәкістанды қасақана қаралағысы келді және ауған президенті Х.Қарзай өз елінде болған оқиғаларды толық ұмытатын болды деп мәлімдеді. Бірақ ол нақты қандай агентті айтып отырған атамады. Соңғы апталардың ішінде аталған екі ел бір-бірін айыптап келеді. Таяуда Ауғанстан Талибан қозғалысының қалдықтары мен лаңкестерді бүркемелеп отыр деп Пәкістанды айыптап, өз кезегінде Исламабад тәліптерді жою үшін Ауғастанмен арадағы шекара бойында мыңдаған күшін шоғырландырып отырғанын мәлімдеп ақталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі