Accessibility links

“Хамас” - Палестинаны ұзақ уақыттан бері қолдап келген Батыстан басқа елдерден көмек алатынына сенеді


МӘСКЕУ. Палестинаның жаңа үкіметін экстремистік “Хамас” ұйымы жасақтайтын болса, Батыс елдерінің Палестинаға арналған қаржылай көмегін күрт қысқартамын деп қорқытуына бұл ұйым онша алаңдамайды. Мәскеуде “Хамас” тобының лидері Халид Мишааль осылай деп мәлімдеді. Палестинадағы қаңтар айында өткен парламент сайлауында “Хамас” тобының жеңіске жетуінен кейін Израиль мен АҚШ және Еуроодақ егер “Хамас” Израильді мойындап, қарулы күрестен бас тартпайтын болса, қаржылай көмектерін доғаратынын ескертті. Кеше Мәскеуде “Рейтер” агенттігіне оның лидері Халид Мишааль “Хамас” ұйымы Палестинаға халқының құқын ақшаға сатпайды, өзіне қажетті қаржыны “Хамас” Палестинаны ұзақ уақыттан бері қолдап келе жатқан Батыстан басқа елдерден алатынына сенеді деп мәлімдеді. Палестинаның жаңа үкіметін қаржылай қолдауға дайын елдердің бірі – Иран.
XS
SM
MD
LG