ГАЗА ҚАЛАСЫ. Кеше Израильдің соғыс ұшағы “Ислам джиһады” тобының жасағы отырып келе жатқан жүк мәшинесіне әуеден соққы беріп, оның екеуінің көзін жойды және тағы 3 адам, оның ішінде 2 сәби қаза тапты. Израиль армиясы жүк мәшинесіне соққы бергенін және “Ислам джиһады” тобының Израильді минаатқышпен атқылап келген Монир Сукар деген өкілінің көзін жойғанын растады.