ИСЛАМАБАД. Пәкістан президенті Ауғанстанның ресми өкілдерін Пәкістанды лаңкестікке қарсы жеткілікті күрес жүргізбей отыр деп қаралап отыр деп айыптайды. Равалпинди қаласында өткізген баспасөз-маслихатында П.Мушарраф Ауғанстан өкілдерінің Пәкістан жағы лаңкестердің ауған-пәкістан шекарасынан еркін өтуіне тосқауыл қоймай отыр деген пікірін “бос сөз” деп бағалады. Жексенбі күні АҚШ-тың Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында Пәкістан президенті: “Ауғанстан жағының ақпарына мен толық көңілім қалды; кейбір ауған өкілінің Пәкістанды қасақана қаралығысы келгенін мен сезіп отырмын. Агенттер мен Х.Қарзай өз елінде болған оқиғаларды ұмытса керек”, -деп мәлімдеді. Ауғанстан президенті Х.Қарзай да П.Мушаррафтың сөзін “нағыз әдепсіздік және шындыққа жанаспайтын сөз” деп бағалап, “алға жетелейтін жалғыз жол – ол өзара ынтымақтастық” деп атап көрсетті.