Accessibility links

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басқарушылар кеңесі бүгін екінші күн Иранның ядролық мәселесін талқылауда


Вена. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс Иран ядролық зерттеулерді дамыта отырып, қауіпті қызыл сызықтан өтіп кетті, бұл мәселемен Қауіпсіздік кеңесі араласуы керек болады деп атап көрсетті. Ал Қытайдың сыртқы істер министрі Ли Шаоиң Иранды атом энергиясы агенттігімен толыққанды ынтымақтастықпен жұмыс істеуге шақырды.

- Ядролық қаруларды таратпау жөніндегі келісімнің мүшесі ретінде Иран бейбіт мақсатта уранды байыту хұқына ие, әрине, бұл сол келісімге сәйкес оның міндеметтемелерінің орындалуына сай болуы тиіс. Біз Иран мәселенің шешімін табу үшін халықаралық атом энергиясы агенттігімен өте жақын ынтымақтастықта жұмыс істейді ғой деп үміттенеміз,- деді ол.

Дүйсенбі күні Атом агенттігінің басшысы Мохаммед Елбарадей апта ішінде Иран бойынша бір келісімге келеміз ғой деген үмітін білдірген болатын. Тегеран ядролық бағдарламаның тоқтап тұрғаны үшін өтемақы талап еткісі келеді. Иран президенті Махмұд Ахмединежад 2003 жылдан бері ядролық бағдарламаны тоқтатқанымыз үшін Халықаралық атом энергиясы агенттігі Тегеранға өтемақы төлесін дейді. Ол ұлттық ғылым мен экономикаға елеулі нұқсан келтірілді деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG