Бүгін Бағдадтың түрлі аудандарында өліммен жазаланған 23 ер азамат мен ұл балалардың мәйіттері табылды. Оларды кім және не үшін өлтіргені түсініксіз. Қараусыз қалдырылған микроавтобустың ішінен 18 ер азамат пен ұл балалардың өлі денелері табылды. Құрбандардың көздері танылып, қолдары байланған екен, олар тұншықтырылып не болмаса атып өлтірілген. Бағдадта, сол сияқты, ішкі істер министріне қарасты мәшинелердің жолында бомба жарылды. Бір адам қаза тапты. Министр Баян Жабордың өзі мәшинеде болмаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?